Жуалы жерінде агросала алшаң басуда

/image/2019/10/15/crop-19_14_697x1239_photo_2018-07-10_08-30-21.jpg

Жамбыл облысындағы Жуалы ауданы-негізінен ауыл шаруашылығына бейімделген аймақ. Мұнда егін егіп, мал өсіріп, сол арқылы тұрмысын тіктеп отырған тұрғындардың қарасы қалың. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамыту туралы тапсырмасы жуалылықтардың ойын дөп басқандай.

Бұл тұрғыда Президент: «Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр.

Ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар.

Біз суармалы жер көлемін кезең-кезеңмен 2030 жылға қарай 3 миллион гектарға дейін ұлғайтуымыз керек.

Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 4,5 есе арттыруға мүмкіндік береді.

Сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы министрліктері фермерлерге өз өнімін сыртқа шығарып сату үшін барынша қолдау көрсетуі тиіс.

Осыған орай Үкіметке тиісті тапсырма берілді. Бұл – маңызды міндет,

Ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау ісінде шикізатқа негізделуден бас тарту керек» деп атап көрсеткен болатын. Бүгінде жылдың басты құжатынан туындайтын міндеттер Жуалы жерінде де кезең-кезеңімен іске асуда.

-Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз. Аудан егін өсіруге де, мал баптауға да географиялық тұрғыдан өте қолайлы аймақ. Есепті мерзімде ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарымы 9 миллиард 720,7 миллион теңгені құрады Оның ішінде тұтастай көлемін мал шаруашылығы өнімдері құрап отыр. Шет мемлекеттен, нақтырақ айтқанда Чехиядан асыл тұқымды сүтті, етті бағыттағы 64 бас мүйізді ірі қара сатып алынып, жұмыстар жүргізілуде,-дейді Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков.

Бүгінде ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін бес кәсіпорын жұмыс істеуде. Олардың үшеуі сүт, біреуі ет өнімін, тағы біреуі өсімдік майын өңдеуге маманданған.

Тағы бір айта кетерлігі, Елбасының үстіміздегі жылдың 30 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында өңірлерде скрининг өткізу туралы тапсырмасы аясында аудандағы 49 елді мекендегі 10 144 аула зерделеніп, сауалнамалар толтырылыпты. Соның нәтижесінде жалпы құны 983 716,2 мың теңге көлемінде 171 жоба ұсынылған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар