Трамп хатында "егер Анкара Сирияның солтүстік-шығысында әскери операция бастаса, Түркия экономикасын жойып жіберетінін" жазған.
"Егер барлығын дұрыс әрі адамгершілікке сай жасасаңыздар тарихта жақсы аттарыңыз қалады. Бірақ іс насырға шапса, тарихқа жауыз болып енесіздер. Ақымақ болмаңыздар! Кейін хабарласамын" деп жазған Трамп.
Халықаралық ақпарат агенттіктері 9 қазаннан бері Сирияның солтүстігінен 150 мың адам босып кеткенін хабарлады. Түркия операция бастаған күні Трамп әкімшілігі АҚШ бұл операцияға қатыспайтынын мәлімдеп, Америка әскері Сирияның солтүстік-шығысын тастап кете бастаған.
Сириялық күрдтер – АҚШ-тың "Ислам мемлекеті" террористік тобымен күресте негізгі серіктесі. Ал Түркия күрд жасақтарын "террорлық топ" деп санайды.
2016 жылы күрдтер Сирияның солтүстік аймағына бақылау орнатып, "Роджаба – Солтүстік Сирия" федеративті аймағын құрғанын жариялаған. Күрдтер құрған аймаққа Жазира, Кобани және Африн қалалары енген.
"Азаттық" радиосы
Пікір қалдыру