Марат Пашимов: Халықтың дәрігерлерге сенімі артты

/image/2019/10/23/crop-48_15_810x1080_080904772800.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойды. Ол өз сөзінде «медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен  қолжетімділігін қамтамасыз ету керек» деп атап көрсетті.

­–Бұл  жерде халықтың денсаулығына байланысты, әсіресе, ана мен сәби өліміне қатысты көрсеткіштердің өңірлік теңгерімсіздігі айқын көрінеді.

Дегенмен, бұл көрсеткіш төмендеп келеді. Бірақ әлі де жоғары, сондай-ақ  дамыған елдердің деңгейінен айтарлықтай көп.Үкімет әр өңір бойынша медицинадағы нақты дерттер топтамасы жөнінде басымдықтар тізімін жасап, соның негізінде бюджеттен қаржы бөлуі қажет.  

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады. Әрқайсысыңызға мына нәрсені айтқым келеді: мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтайды. Оны қаржыландыруға алдағы үш жыл ішінде 2,8 триллионнан астам теңге бөлінеді,-деп атап өтті Президент Тоқаев.

Расында да қазіргі таңда медицина саласының алдында келелі міндеттер тұр. Ол ана мен бала денсаулығын нығайту, халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыру және тағы басқа мәселелер. Осыған орай Елбасы мен Президенттің тапсырмаларын орындау мақсатында аймақтарда айтулы жұмыстар жасалынуда. Бұл жерде біз халқы көп және тығыз қоныстанған оңтүстік өңір, Түркістан облысы туралы айтпақпыз. Ал халқы көп шоғырланған оңтүстік аймақта қазіргі таңда медицина саласында оңды істер жетерлік. Әрине, мұның барлығы да ең алдымен денсаулық сақтау саласына басты көңіл бөлінуден болса, екіншіден аталған салаға қомақты қаржы аударылып келеді. Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Мұқан Кеңесбекұлы Егізбаев тәжірибелі  маман екенін екінің бірі біледі. Іскер басшы аймақтағы денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне барлық жағдай жасап келеді. Сондықтан да болар, аймақта бұрынғыға қарағанда, халықтың денсаулығы жақсарды. Халық та, салауатты өмір салтын қалыптастыруға дағдыланып келеді. Атап өткендей қазір  оңтүстік өңірде мақтаулы аурухалар мен емханалар жетерлік. Солардың бірі  – Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы. Ал оның бас дәрігері – Марат Орынбасарұлы Пашимов. Кейінгі жылдары аталған ауруханаға офтальмологниялық бөлімше, эндокринологиялық диспансер және онкологиялық орталық қосылды. Халықты кешенді емдеуді жалғастырып келе жатқан бұл мекемеге қазір халық ағылуда. Өйткені мұнда қызмет сапасы жоғары.

– Кең салалы клиника бүгінде хылықтың құрметіне бөленуде. Мұның себебі де жоқ емес.  Өйткені біздің қызметкерлер халыққа сапалы қызмет көрсетеді. Жаны ауырып келген жанға ең алдымен жылы қабақ пен мейірімімізді көрсетеміз. Біз негізінен Шымкент қаласы мен Түркістан облысының аймақ тұрғындарына қызмет көрсетіп жатырмыз. Ең алдымен келген пациентке жағдай жасау басты мақсатымыз болғандықтан, бізге ризашылықпен келетіндердің қатары артты. Қаланың әр жеріне барғаннан гөрі бізде кешенді ем алғаннан жөні артық. Өйткені біздің аурухана кең салалы екендігін айта кеткім келеді, – дейді Марат Орынбасарұлы Пашимов.

Қазіргі уақытта офтальмологиялық орталық толық сапалы жөндеуден өтті. Байқағанымыз, жалпы клиникалық ауруханада  қызмет ету сапасы өте жоғары. Барлығы да цифрланған, электрондық қызмет арқылы жұмыс жүргізіледі. Бұрынғыдай ұзын сонар кезекке тұрып, айқай-шу болатын оқиға  жоқ. Жұмыс жүйелі түрде жолға қойылған. Медициналық құрылғылар мен жабдықтар да жаңартылған.

Қазіргідей инновациялық жаңалықтардың өрістеп бара жатқан уақытында ақ халатты абзал жандардың біліктілігін арттырып отыру да маңызды. Бұл орайда бас дәрігер, іскер басшы Марат Орынбасарұлы үнемі өз қызметкерлерінің білімін арттырып отырады. Атап өтер болсақ, Ресей елінен келіп, мықты тәжірибелі дәрігерлер шеберлік сабақтарын өткізеді. Сонымен қатар, клиниканың мамандары Мәскеуге барып, біліктілігін арттырып қайтады. Мұндай алыс-беріс пен қарым-қатыныстың көмегі үлкен.

Бас дәрігер сөз кезегінде эндокринология бөлімшесі дамытылып жатқанын айтты. Бұл орайда көрші елдердің денсаулық сақтау мекемелерімен қарым-қатынас нығайып келеді. Мысалы, Ташкентте орналасқан эндокринология ғылыми-зеерттеу институтымен байланыс тұрақты дамыған. Екі жақты байланыс туралы Түркістан облыстық денсаулық сақтау саласының басшысы Мұқан Егізбаев пен ташкент ғылымыи зерттеу институты арасында меморандумға қол қойылды. Осыған сәйкес олар оңтүстікке, ал облыстық клиниканың мамандары оларға барып тәжірибе алмасып тұрады.

­–Облыста денсаулық саласына жаңашылдықпен қарау жалғасып келеді. Түркістан облысы халқының саны жөнінен алдыңғы орында. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, үстіміздегі жылы Түркістаннан кең салалы үлкен ауруханының құрылысы басталды. Мұның да себебі бар. Басшымыз Мұқан  Егізбаев халықтың медицинаға қолжетімді болуы  керектігін тапсырды. Осыған орай  шалғайдағы Мақтарал және Шардара ауданының тұрғындары бізге келіп, емделетін болады. Өйткені облыс орталығы Түркістан оларға тым алыс. Сондықтан біз қызмет көрсету аймағын кеңейтеміз және сапалы қызмет істеуге көшеміз. Өйткені күн өткен сайын медщицинада жаңаша технологиялар пайдаланылып жатар. Біз ешқашан көштен қалмақ емеспіз, – дейді Марат Орынбасарұлы Пашимов.

Расында да қазіргі уақытта Пашимов басқаратын облыстық клиникалық аурухананың мамандарына күн өткен сайын сенім артып келеді. Бас дәрігердің айтуынша, енді Алматы немесе Нұр-Сұлтанға барып керегі жоқ. Облыстың клиникалық аурухананың мамандары өздерінде науқасқа күрделі операция жасай береді. Аурухана дәрігерлері халақаралық стандарт бойынша жұмыс істеуге көшкен. Мекемеде әртүрлі медициналық құрал-жабдықтарды меңгерген дәрігерлер жетерлік. Қазіргі кезде медицинаның диагностикалық мүмкіндіктері артып келеді. Бас дәрігердің де «көштен қалмауымыз керек» деп отырғаны содан.

Тәжірибелі басшы Марат Орынбасарұлы Пашимов «дәрігерлер медицинадағы инновациялық жаңалықтардан құр қалмауы керек»  деп санайды. Сондықтан да өткен жылы мекеменің 40-қа жуық мамандары таяу және алыс шетелдерге барып, тәжірибе жианақтап келді. Оқыды, тоқыды. Медицинадағы жоғары технологиялық құрылғылар арқылы күрделі операцияларды жасау да қазіргі кезде қиын болмай қалды. Өйткені дәрігердің біліктілі мен білімі және тәжірибесі жетсе, болды. Сондықтан да болар, сырқат жандардың облыстық клиникалық аурухана мамандарына сенімі артқын. Мысалы бұрын өт жолдарына операция жасалғанда, сырқаттардың  30-40 күн сарылып жатуға тура келетін. Ал қазіргі уақытта бір аптаның ішінде пациент үйіне қайтады. Бас дәрігер «мұның барлығы да заманауи құрылғыларды жетік меңгерген біздің  дәрігерлердің арқасында жүзеге асып жатқанын» айтады.

– Дәрігерлер қазіргі таңда ең алдымен қағазбастылықтан арылды. Науқас адам туралы барлық деректер оның электрондық базасында сақталады. Бұл жерде дәрігер де, сыртқат жан да ешнәрсе жоғалтпайды. Барлығы да алақанда жазылғандай компъютерді сақталып тұрады. Компъютер арқылы мен бас дәрігер ретінде кез келген сыртқат жанның тарихымен еркін таныса аламын. Бұл проблема емес. Бәрі де көз алдыңда болғандықтан, олар қателік жібермеуге тырысады. Бұл өз кезегінде дәрігердің жауапкершілігін арттырады, -дейді Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Марат Пашимов.

Тәжірибелі басшы, іскер маман, мықты менеджер Марат Пашимов секілді дәрігерлер елімізге керек-ақ. Өйткені халықтың денсаулығы бәрінен де қымбат. Өйткені медицина саласы қызметкерлерінің алдына Президент Тоқаев ана мен бала өлімін азайту, халықтың денаулығын нығайту үшін жаңа міндеттер қойды. Ал іскер басшы Пашимов Президенттің тапсырмасын терең түсінеді...

Мира Берікболова,

Оңтүстік Қазақстан облысы

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар