Қазақстандықтар желтоқсанда 12 күн демалады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
4 қарашада елімізде оқу жылының екінші тоқсаны басталды. Ол 30 желтоқсан күні аяқталады.
Білім және ғылым министрлігі 2019-2020 оқу жылына арналған мектеп демалысының кестесін бекіткен еді. Соған сәйкес, 2-11-сынып оқушылары 34 апта оқып, 30 күн демалады. 1-сынып оқушыларына қыста қосымша демалыс беріледі. Сондықтан олардың оқуы 33 апта болады.
2 және 11-сынып оқушыларының қысқы демалысы 30 желтоқсан мен 8 қаңтарға жоспарланған. Қосымша демалыс қосылғандықтан, 1-сынып оқушылары өзгелермен бірге 30 желтоқсан мен 8 қаңтар қаңтар аралығында демалады. Бұдан соң 3-9 ақпан аралығында тағы да демалыс алады.
1 желтоқсан Қазақстанның Тұңғыш Президентінің күні биыл жексенбіге түсіп тұр, сондықтан ол күн 2 желтоқсанға ауыстырылады. Осылайша бес күн жұмыс істейтіндер 30 қараша, 1,2 желтоқсан күндері қатарынан үш күн демалады.
Ал Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар 16 және 17 желтоқсанда демалады. Осы екі күнді қосқанда, 4 күн қатарынан демалыс болады – 14, 15, 16, 17 желтоқсан.
Пікір қалдыру