Семей қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Нұрлан Шақабаевтың айтуынша, сатып алу көлемін 720 тоннаға көбейту жоспарлануда.
– Озерка, Ертіс, Достық, Жиенәлі, Көкентау, Новобаженово ауылдық округтерінде халықтан сүт жинау жүргізіледі. Барлығы 650 тонна сүт жиналды. Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында "Нұр" ШҚ өз қаражаты есебінен Ертіс ауылдық округінің Мұқыр ауылында сүт қабылдау пунктін ашуды жоспарлап отыр. Қазір пунктке арналған үй-жайға жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деп түсіндірді Нұрлан Шақабаев.
Өңірді сүтпен қамтамасыз ету мәселесі облыс әкімі Даниал Ахметовтың тікелей бақылауында тұр. Соңғы уақытта өңірде сүт өңдеу саласы қарқынды дамып келеді. Мәселен, таяудағы үш жылда Новобаженово, Приречный және Көкентау ауылдық округтерінде сүт қабылдау пунктін ашу көзделген. 2020 жылдың бірінші тоқсанында Новобаженово ауылдық округінде сүт қабылдау пунктін ашу жоспарлануда. "НҰР" ШҚ-ы "АКК" АҚ-на филиалына сүт таситын және басқа да арнайы құрал-жабдықтарды сатып алу үшін 2,5 миллион теңге сомасына несие қаражатын алуға өтінім берді. Осылайша, сүт қабылдау пункттерін құру есебінен халықтан сүт сатып алуды екі еседен астам ұлғайту алға қойылған.
Пікір қалдыру