Көшелерді қардан тазалау үшін мың бірлікке жуық арнайы техника дайындалды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
«Қазгидрометтің» ауа райын ұзақ мерзімді болжауы бойынша Алматыда қар аралас жауын-шашын 5-10 қараша және 23-30 қараша аралығында болады деп күтілуде.
Қазіргі кезде қаланың барлық қар тазалайтын арнайы техникасы жұмысқа 100% дайын. Қыс кезінде қар тазалаумен 993 арнайы техника бірлігі және 1320 жол жұмысшылары айналысатын болады. Егер қар қалың жауатын болса, қосымша 150 самосвал машиналары тартылады.
Оқыстан болатын оқиғалардың алдын алу үшін жолды тазалауға кететін уақыт нормативін ескере отырып, барлық арнай техникалар қозғалыстарының бағыттары және бекітілген учаскедегі қар тазалау технологиясы бойынша жаттығу сабақтары өтетін болады.
«Алматы тазалық» МҚК қар тазалау жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін қала тұрғындары мен қонақтарын көліктерін рұқсат етілмеген жерлерде қалдырмауға және жолдарда болатын кептелістерге түсіністікпен қарауға шақырады.
Пікір қалдыру