Бұл мәселе әлі де көпшілікті кеңінен толғандырып отырғаны рас. Өйткені оның соңғы нұсқасы бүгінгі күнге дейін толыққанды жасалынған жоқ. Бірақ күн тәртібінде тағы бір мәселе тұр. Егер латын алфавиті түбегейлі мақұлданса, онда қай жылдан бастап латын қарпіндегі оқулықтар шыға бастайды?
Осыған қатысты Білім және ғалым министрі Асхат Аймағамбетов өз пікірін айтты. Министрдің айтуынша, латын әліпбиіне көшу ұзақ процесс.
–Латын әліпбиін әлі де болса жетілдіру туралы Президенттің тапсырмасы бар. Қазіргі кезде осыған байланысты Мәдениет министрлігі қосымша пысықтау шараларын жүзеге асырып жатыр. Бұл жұмыс аяқталғаннан кейін оның жазылу ережелерін бекітеміз. Әзірге латын қарпінің толыққанды әрі аяқталған соңғы нұсқасы жоқ. Сондықтан әліпби мен ережелер бекітілмей тұрып, латын қарпінде оқулықтар шығаруға ерте. Бекітілгеннен кейін барып біз пилоттық жоба ретінде оны жүзеге асыруға кірісеміз. Нұсқаулық әдістемелік қосымшалар мен оқулық шығарамыз. Бірақ бұл 2020 жылы жүзеге асатын шаруа емес. Оған дайындық керек,–деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Пікір қалдыру