"Пара алды" деп күдікке ілінген шымкенттік шенеунікке қатысты сот үкімі шықты

/image/2019/12/09/crop-5_38_272x484_500.jpg

Шымкент қалалық білім басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Ж.Д.Базарова алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, сот оны мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына  айырып, 3 миллион теңге айыппұл салды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Агенттіктің хабарлауынша, Базароваға қатысты үкім 6 жетоқсанда шыққан. 

"Ол орта мектептің білім жөніндегі меңгерушісіне мектеп директорының лауазымына тағайындалу үшін тест тапсыруға жәрдем бергені үшін оның 400 мың теңге қаражатын алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы иемденді деген күдікке ілінген. 6 желтоқсанда Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен Ж.Д. Базарова алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға өмір бойына құқығынан айыру мен 3 миллион теңге айыппұл салынды" - делінген ведомство таратқан хабарламда. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар