Құмар ойын бизнесі айналымында қанша қаражат бар?

/image/2019/12/09/crop-114_17_1045x1394_photo_264532.jpg
Биылғы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша құмар ойын және бәс тігуді ұйымдастыру салаларында жұмыс істейтін компаниялар 9,7 млрд  теңге табыс тапқан. Бұл былтырғы көрсеткіштен 42,2 пайызға төмен, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.
 
Ең көп табыс Алматы облысының еншісінде. Облыстағы казино, ойын орындары мен букмекерлік кеңселер нарықтағы табыстың 74,2 пайызын беріп отыр. Тоғыз айдағы табыс 7,2 млрд теңгені құраған. Алайда бұл көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңдегі кірістен 29,2 пайызға кем.
 
Құмар ойындардан табыс тауып отырғандар тізімінде Ақмола облысы 1,3 млрд теңге тауып екінші орынға жайғасса, Алматы 544,5 млн теңгемен үштікке енген. Жамбыл облысындағы кәсіпкерлер бизнестің бұл түрінен 250,9 млн теңге, Атырау облысында 112,4 млн теңге, Нұр-Сұлтан қаласында 99,5 млн теңге қаржы тапқан. 
 
Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында құмар ойыннан ешқандай табыс түспеген.
 
Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, ойын бизнесінен алынған салық бөлшері 28,7 пайызға азайып, 22,3 млрд теңгені құраған.
 
Мамандардың айтуынша, саладағңы табыстың азаюы қазақстандықтар құмар ойынды аз ойнай бастағанын білдірмейді. Аталған салаға салынатын салықтық мөлшерлеме жоғарылауы себепті заңды түрде жұмыс істейтін ойынханалар жабылып, заңсыз жұмыс істеуге көшуде. Сол жақта жұмыстары өркендеп, айналымы артып жатыр.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар