Алматыда Тәуелсіздік күні мыңнан астам адам «Мен қазақпын» әнін орындады

/image/2019/12/17/crop-154_149_561x747_img_20191217_164409_203.jpg

Тәуелсіздік күнін мерекелеу дәстүрге сай «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

Салтанатты рәсімге Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары қатысты. Сонымен қатар, Тәуелсіздік монументінің алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, 1986 жылғы оқиғаға қатысушылар, Ауған соғысы ардагерлері, Чернобыль ардагерлері, қаланың жастар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ Қазақстанның эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Сәкен Майғазиев, Айдана Меденова келді.
«Бұл атаулы күннің оңайлықпен келмегенін өзімізге және өскелең ұрпақтың санасына тағы еске саламыз. 28 жыл бұрын біз Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айналасына топтасып, осы арманымызды жүзеге асыра алдық. Алматы тарихи өзгерістердің ортасында болды. Алматылықтар бейбітшілік пен тыныштықтың маңыздылығын бір кісідей біледі. Біз қаланы көркейте отырып, отбасы игілігі үшін ертеңге деген нық сеніммен өмір сүріп, жұмыс істей аламыз» деп жазды қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram парақшасында. Осылайша ол қазақ елін Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін мыңнан астам жиналғандар мерекеге арналған жаппай флешмобқа қатысып, «Мен қазақпын» әнін орындады.
Естеріңізге сала кетейік, Тәуелсіздік күніне орайластырылған «Мен қазақпын» челленджін павлодарлық оқушылар әлеуметтік желілерде таратқан болатын.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар