Дәрігерлер Қытайды жайлаған белгісіз вирусты анықтады

/image/2020/01/09/061739351600.jpg

Мамандар Қытайдағы белгісіз дерттің қандай вирус түріне жататын анықтады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтының дерегін негізге алып. 

"7 қаңтарда сағат 21:00-де нуклеин қышқылы әдісімен сынақтан өткеннен кейін коронавирустың жаңа түрімен ауырған 15 жағдай анықталды", - делінген хабарламада. 

Мамандар қосымша эпидемиологиялық зерттеу және аурудың клиникалық көріністерін зерделеу қажет екенін ескертті. 

Сондай-ақ вирустың жаңа түрі адамнан адамға жұқпайтынын атап өтті. Олардың болжамынша, ауруға шалдыққандар дертті мал және шикі теңіз өнімдерін жеу арқылы жұқтыруы мүмкін.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар