Алматыдағы "Сергектен" 8 күнде 42 млн теңге қаржы түсті

/image/2020/01/09/crop-80_1_720x961_2020010912550722982_sergek-main-1193x671.jpg

Алматыда 2020 жылдың алғашқы 8 күнінде "Сергек" камералары 42 миллион теңгеге жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Осы мерзімде 2564 жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі тіркелген. Жиі бұзылатын ережелер арасында жылдамдықты асыру (сағатына 10-20, 20-40 және 40-тан аса шақырым) байқалады. Полицейлер жүргізушілер жол бойындағы жол қозғалысы ережелерінде бекітілген талаптарға назар аудармайтынын байқаған", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 1 қаңтардан бастап "Сергек" алматылықтарды ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұл сала бастады. Қалада 400 аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылған. 

Қатысты тегтер :

Пікірлер тізімі 1

  • default avatar
    23:01, 10 қаңтар 2020

    Тоғжан

    Авто көшелермен бірге бүкіл мектептерде Сергек қою керек. Сонда мүмкін зорлық пен зомбылық, педофилия, наркотик сату саны күрт төмен түседі шығар. #HAQ #ХалыққаАдалҚызмет

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар