Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған тағы бір адам анықталды. Осылайша бұл аймақта індет табылған адамдар саны 3-ке жетті. Бұған дейін осы облыстың бір тұрғынынан 24 нарыз күні, бір тұрғынынан бүгін вирус табылған болатын. Ол екеуі де – Қырғызстаннан келген азаматтар.
Қазақстанда қазір вирус жұқтырған адамдар 113-ке жетіп отыр. Індет табылған науқастардың басым бөлігі Алматы мен Нұр-Сұлтанда тіркелген.
Бүгін, 26 наурыз күні Нұр-Сұлтанда бір әйел адам коронавирустан қайтыс болды. Ал 25 наурызда Алматыда бір, Нұр-Сұлтанда бір науқас індеттен айыққан болатын.
Коронавирусқа байланысты Қазақстанның барлық аумағында 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. Ал Алматы мен Нұр-Сұлтан 19 наурыздан бастап карантинге жабылған. Бұл қалаларға кіріп-шығуға тыйым салынған. Бүгіннен бастап қала ішінде азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана жұмыс істеп тұр.
Пікір қалдыру