Коронавирус жұқтырған тағы екі науқас ауруынан айығып шықты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жазылып шыққан науқастың бірі – әйел адам. Ол елге Франкфурт –Нұр-Сұлтан – Алматы бағыты бойынша ұшып келген.
Ал ауыруынан айықты делінген екінші науқас бұған дейін Мәскеу – Алматы рейсімен елге жеткен.
Дәрігерлердің айтуынша, үздіксіз жасалған ем-дом шаралардың арқасында өткір дерттен айыққан науқастар енді 14 күндік үй карантинінде болады.
Осылайша, Қазақстанда аталған жұқпалы ауырудан айыққандардың саны 20-ға жетіп отыр.
Пікір қалдыру