Денсаулық сақтау министрлігі Алматыда коронавирус індетін жұқтырған тағы да бір адам тіркелгенін хабарлады. Осылайша елде вирус жұқтырған азаматтар саны 294-ке жетті.
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында – 167 адам, Алматы қаласында – 73 адам, Қарағанды облысында – 7 адам, Ақмола облысында – 9 адам, Атырау облысы – 12 адам, Жамбыл облысында – 3 адам, Шымкент қаласында – 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам, Алматы облысында – 7 адам, Ақтөбе облысында – 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, Павлодар облысында – 1 адам, Маңғыстау облысында – 1 адам, Қызылорда облысында – 5 адам, Батыс Қазақстан облысында – 2 адам анықталды.
Пікір қалдыру