Алматыда COVID-19 құрбандары үшін арнайы полигон анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова онлайн-брифингте айтты.
– Алматыда қаза тапқандар жоқ, бірақ шаралар қарастырылған. Арнайы алгоритмге сәйкес жерленеді. Мәйіт дереу дезинфекцияланады. Белгілі бір қорғаныс құралдарында сақталады. Жерлеуге қатысатын адамдардың саны шектеулі болмақ, – деді А. Молдақасымова.
Департамент басшысының айтуынша, полигон қаладан тыс жерде орналасқан, маңында елді мекендер жоқ, сәйкесінше барлық қажетті қауіпсіздік шаралары бойынша оқшауланған.
Пікір қалдыру