Коронавирус! 97 жаңа дерек. Індет жұқтырғандар саны 2000-ға жуықтады

/image/2020/04/21/crop-2_1_305x542_corona.png.850x445_q82_crop.png

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы ақпарат бойынша Қазақстанда коронавирустың тағы 97 жағдайы тіркелгенін хабарлады.

Осылайша, елде науқастардың жалпы саны 1949-ға жетті. Оның ішінде 447 адам жазылып шықса, 19 адам қайтыс болды.

Коронавирусқа шалдыққандардың басым көпшілігі Алматы қаласында. Мұнда 668 адам ауруды жұқтырған. Одан кейінгі орында 390 дерекпен Нұр-Сұлтан қаласы орналасқан.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың жалпы ахуалын төмендегі суреттен көруге болады.

а

Әлем бойынша COVID-19-ға шалдыққандар саны 2 жарым млн адамға жуықтап қалды. 170 мыңнан астам адам қайтыс болып, 645 мыңға тарта науқас аурудан айыққан.

ТОП-10 мемлекет:
ауырғандар / жаңа жағдайлар
USA: 792759 / +28494
ESP: 200210 / +1536
ITA: 181228 / +2256
FRA: 155383 / +2489
DEU: 147065 / +1323
GBR: 124743 / +4676
TUR: 90980 / +4674
IRN: 83505 / +1294
CHN: 82758 / +11
RUS: 47121 / +4268

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар