Солтүстік Кореяның дефекторы Ким Чен Ынның өлгені қашан жарияланатынын айтты. Оның сөзінше, Кимнің қарындасы билікке келеді. Бұл туралы Қамшы тілшісі британиялық The Mirror басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Солтүстік Кореядан қашып шыққан заң шығарушы Джи Сонг Хоның айтуынша, Ким Чен Ын бір апта бұрын көз жұмған. Оның сөзінше, Пхеньян осы аптаның соңында диктатордың өлгенін жариялайды.
Пхеньяннан қашып, жақында Оңтүстік Кореяда заң шығарушы болған ол Ким Чен Ынның өлгеніне "99%" сенімді екенін айтады.
Джи Сонг Хо алдыңғы аптада Пхеньян диктаторының көз жұмғанын және оның мұрагері ретінде Кимнің қарындасы Ким Ё Чжон таңдалғанын айтты.
"Ким Чен Ын қаза тапты", "вегетативті күйде болды" немесе "жүрекке жасалған отадан кейін қалпына келді" деген расталмаған түрлі мәлімдемелер тарап жатқан кезде, заң шығарушыға "Ким Чен Ын өткен аптада жүрек-қан тамырлары отасынан кейін өлді" деген хабар келген.
Оның айтуынша, Солтүстік Корея өзінің көшбасшысының көз жұмғанын растауды және аза тұту мерзімін жариялауды кешіктірген себебі бар: "Олар күрделі мұрагерлік мәселесімен күресуде" деді Джи Сонг Хо.
Пікір қалдыру