Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанындағы әл-Фараби орталығы "ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ" атты халықаралық онлайн конференция өтті.
Конференция елімізде аталып өтіп жатқан шығыстың ғұлама ойшылы, математик, музыка теоретигі Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған мәдени және ғылыми іс-шаралар аясында ұйымдастырылып отыр.
Конференция жұмысында Қазақстандық қоғамның рухани дамуы мен қазіргі заманғы сын-қатерлер контекстінде әл-Фараби интеллектуалдық мұрасын зерттеудің өзекті мәселелері талқыланады. Ғалымның еңбектеріне әлемнің түкпір-түкпірінен қызығушылық танытатындардың да саны артып келе жатқаны да халықаралық деңгейде олардың басын қосып, пікір алмасуға мүмкіндік жасау қажеттілігі туындап отырғанын байқатады. Шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу мекемелері және ғалымдары тарапынан әл-Фарабидің шығармашылық мұрасын заманауи қырынан зерттеуге қатысты қызығушылықтары оның айқын дәлелі бола алады.
Халықаралық онлайн конференция жұмысына Қазақстаннан, және алыс-жақын шетелдерден фарабитану саласындағы ғалымдар мен жас зерттеушілер қатысты.
Халықаралық онлайн конференция ұлы ойшыл, философ-ғалым Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың идеяларын насихаттауға, заманауи Қазақстан қоғамының рухани-адамгершілік және интеллектуалды мәдениетін дамытуға, ойшыл мұраларын елімізде және алыс‐жақын шет елдерде танытуға бағытталған.
Қатысушылар ғалымның бүгінге дейін қазақ тіліне аударылмаған еңбектерін еліміздің ғылыми айналымына кіргізу және сол іс аясындағы түйткілді мәселелерді талқыламақ. Сонымен қатар, бүгінге дейін аударылған еңбектерін түпнұсқамен салыстыра отырып қайта қарастыру мәселесі де аударма ісіне қатысты өзекті болып тұрған істердің қатарында.
Әл-Фараби орталығының 2020 жылы жаңадаң халықаралық деңгейде жұмыс жасайтын орталық болып қалыптасқанынан бері және де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғұламаның еңбектеріне қатысты жаңа ұстанымы, Фарабидің ұлы ойшыл екендігін айта бергеннен гөрі оның идеяларын ізгі қоғам құру жолында заманауи қазақ қоғамына сәйкес зерттеулер мен тұжырымдар қалыптастырып нақты шаралар қолға алу болып табылады.
Аталмыш конференцияда осы және фарабитану саласына қатысты басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
Пікір қалдыру