Маңғыстауда 15 мамырдан бастап теміржол билеттері кезең-кезеңімен сатылымға шығады

/image/2020/05/15/crop-545_185_208x270_snimok-ekrana-556.png

Маңғыстауда 15 мамырдан бастап теміржол билеттері кезең-кезеңімен сатылымға шығады.

2020 жылдың 1 маусымынан бастап Маңғыстау теміржол станциясынан Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Атырау және Бейнеу бағыттары бойынша жолаушылар пойызы жүре бастайды.

Қауіпсіздік шаралары теміржол вокзалы мен қатар жолаушылар пойызында да қатаң сақталады. Залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

-«Адамдардың көп шоғырлануына байланысты вокзал ішінде және сыртында 1 метр арақашықтықты сақтап тұрулары маңызды. Осы мақсатта бір-бірнен алшақ тұруы үшін жерге арнайы белгілер қойылады» - дейді Маңғыстау теміржол вокзалының бастығы Алма Айымқұлова.

Теміржол билеттері 15 мамырдан бастап кезең-кезеңімен сатылымға шығады. 1 маусымда  Маңғыстау станциясынан күн сайын жүретін №309/310 «Маңғыстау – Ақтөбе» поезына, ал 2 маусымнан бастап жұп күндері жүретін №37/38 «Маңғыстау – Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол» поезына билеттер сатыла бастайды деп күтілуде.

Ал, қалған жолаушылар поездарының жүру қозғалысы туралы ақпарат алдағы уақытта қосымша хабарланады.

-«Аймақта карантин тәртібі енгізілгенге дейін билет сатып алып, кейін тапсыруға үлгермей қалған тұрғындар бізге аяқтай келіп те, телефон шалып та жиі хабарласып жатыр. Осы ретте айтарым: белгілі бір себептермен жолға шыға алмай қалған жолаушылардың 6 айға дейінгі уақытта өз билетін кассаға тапсыруына болады. Жол жүру құжатының құны толық көлемде қайтарылады» - дейді А.Айымқұлова.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар