Елорда әкімдігі: 62 жастағы әйелдің өлімі коронавирустан болған жоқ

/image/2020/05/16/crop-52_8_392x523_82260a5c1ed0935e3fe2d93e34160bd1.jpeg

Елорда әкімдігі 62 жастағы әйелдің өлімі коронавирустан болған жоқ, деп мәлімдеді.

Онда жарияланған мәліметтерге қарағанда, өлімнің басты себебі прогрессивті жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігінен туындаған қайтымсыз органикалық әсерден болған.

Сонымен қатар, науқас коронавирус инфекциясымен бірге басқа да аурулармен ауырған.

Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында КВИ тесті оң нәтижелі болған науқастардың өлім-жітімін зерттеу комиссиясы бұл жағдайды КВИ салдарынан қайтыс болған жоқ деген шешім шығарды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар