Өзбекстандағы бөгет жарылысына қатысты алғашқы күдіктілер ұсталды

/image/2020/05/23/crop-22_9_689x1239_2658c88031c865086e1b773b448c77ed.jpg

Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы бойынша қылмыстық іс бойынша алғашқы күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Өзбекствнның Бас прокуратурасы хабарлады, деп жазады podrobno.uz сайты. 

"Қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс бойынша екі адам күдікті ретінде ұсталды, оларға қатысты "қамауға алу" бұлтартпау шарасы қолданылды. Іс бойынша мән-жайды анықтауға кедергі келтірудің алдын алу мақсатында басқа мәліметтер жарияланбайды", - деп хабарлайды Бас прокуратура өзінің Telegram-дағы арнасында.

Сондай-ақ ұсталғандардың арасында су қоймасы нысанын дамыту және пайдалану жөніндегі дирекцияның басшысы да бар.

Еске салсақ, 1 мамырда Өзбекстанда болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылды. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар