Мектеп бітіру кештерін мейрамханаларда, демалыс орындарында тойлауға тыйым салынады. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте МО білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев мәлімдеді.
- Іс-шараларға аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, жеке студияларды тартуға;
- Көл-көсір мектеп бітіру шарасын өткізуге;
- Мерекелік үстелдерді ұйымдастыруға;
- Көлік жалдау арқылы қала ішінде экскурсия өткізуге;
- Мейрамханаларда, кафелерде және басқа да ойын-сауық мекемелерінде, теңіз жағасындағы демалыс орындарында бітіру шараларын ұйымдастыруға;
- Мерекелік шаралар өткізуге ата-аналар мен заңды өкілдерінен қаржы жинауға, мұғалімдер мен мектептерге сыйлықтар жасауға.
Бұл бойынша аудандық қалалық білім бөлімдеріне басқарма тарапынан нақты тапсырмалар берілді. Кері жағдайда мектеп басшысы мен ата-аналардың жауапкершілігі мәселесі жөнінде қаперге берілді.
Пікір қалдыру