Алматы тауларында жоғалып кеткен турист Әсел Панарғалиеваның денесі табылды.
Қыздың денесі Үлкен Алматы көлінің қасындағы Космостанция аумағында табылған. Қазіргі уақытта полиция қыздың неден қайтыс болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Еске сала кетейік, 26 жастағы Әсел Панарғалиеваның жоғалып кеткеніне 6 айдан астам уақыт өтті. Ол тау туризмімен айналысып жүрген. 9 қараша сағат 13:00 шамасында ол Үлкен Алматы (Жосалы) көлінде түскен фотосын әлеуметтік желіге жариялаған. Одан кейін байланысқа шықпаған. Қыздың 9 қараша күні Космостанция ауданында таудан түсіп келе жатқанын адамдар көрген.
Сонымен қатар Әселдің ата-анасы тікұшақпен іздеу салып, іздеп тапқан адамға сыйақы беретінін хабарлаған болатын.
Соңғы іздестіру жұмыстары 14 мамырда қайта басталған. Құтқарушылар Коммунальник – БАО – Гайиш – ғарыш станциясы – Үлкен Алматы шыңымен жүрген.
Пікір қалдыру