Мұнай компанияларында жұмысшылар қысқартылмайды

/image/2020/06/03/crop-42_883_703x938_screenshot_20200603-131450_gmail.jpg

Мұнай компанияларында жұмысшылар қысқартылмайды. 

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов "ҚазМұнайГаз "ҰК" АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаевпен кездесті. Ұлттық компанияның еншілес кәсіпорындары басшыларының қатысуымен өткен жиында аймақтағы коронавирусқа қарсы іс-шаралардың және аймақтағы өндірістік қызметкерлердің жұмыс орындарын сақтап қалу мәселелері талқыланды.
Бүгінгі күні облыстың мұнай кен орындарында жағдай тұрақты. Қаржы мәселесін тұрақтандыру және нарықтық ахуалдың теріс әсері болмас үшін "Қазмұнайгаз" АҚ дағдарысқа қарсы бағдарламасын әзірленді.

Ицтф

Ол компанияға шығындарды азайтуға мүмкіндік береді және дағдарыстан кейінгі кезеңде жоғары көрсеткішке қол жеткізу үшін жасалған. Қазіргі жағдайда Қазмұнайгаздың бірінші кезектегі мақсаты қызметкерлердің денсаулығы мен әл-ауқатына назар адару. Компания жұмысының күрделі кезеңіне қарамастан, Маңғыстау кен орындарында персоналдырдың қысқаруы болмайды.
Қазіргі жағдай күрделі. Оны қалыпты дәрежеде ұстап тұру үшін жедел тиісті шаралар қабылдау қажет. Шұғыл түрде жұмысты қайта құру және дағдарысқа қарсы бағдарламаны қабылдау өте маңызды. Осы орайда аталған мәселені реттейтін үш мақсат көзделді. Олар:
Бірінші, тығырықтан жол табу.
Екінші, шығындарымызды табыспен сәйкестендіру.
Үшінші, ертеңгі күнді ойлау, яғни, посткризистік кезеңде жұмысты тиімді құру.
-«Міне, осы үш бағыт бойынша біз бірлесіп жұмыс істеуіміз керек.
Ол үшін біз бірінші кезекте не істедік? БиПи, Шелл, Тоталь, Эксон Мобил деген халықаралық гигант компаниялар сияқты, біз де шығындарды азайтуды бастадық. Бүгінгі таңда біз шығындарды 146 млрд теңгеге қысқарттық. Соның ішінде күрделі шығындарды 103 млрд теңгеге, операциялық шығындарды - 26 млрд теңге, әкімшілік шығындарды - 17 млрд теңгеге азайттық.
Әлі де қысқартамыз. «ҚазМұнайГаздың» орталық аппаратында көптеген өзгерістер жасадық. Оргструктураны қайта қарап, персонал санын 34 пайызға қысқарттық. Өздеріңіз білесіздер, бұрын бізде 22 басқарушы (управляющий) директор болатын. Қазір біреуі де жоқ. 60 департамент болатын, оларды да қысқартып-қысқартып, 20-сын қалдырдық.
Компания басшыларының жалақысы 30 пайызға қысқарды. Орта деңгейдегі басшылардың жалақысы 20 пайызға қысқарды. Ал қалған қызметкерлердің жалақысы өзгеріссіз қалды.
Одан бөлек, біз премиядан бас тарттық. Жыл соңына дейін қалған тоғыз айда ешқандай премия, ешқандай бонус болмайды.
Осының бәрін қосқанда, біздің басшылардың табысы 50 пайызға қысқарды. Осылайша, біз ФОТ бойынша 5 млрд теңге экономия жасадық. Алайда, біз өндірістік персоналды қысқартайын деп жатқан жоқпыз. Еншілес компанияларға қатысты. Мен айтқандай, өндіріс пен персоналдың жұмыспен қамтылуына әсер етпейтін барлық шығындар қысқартылды. Жағдайға байланысты біз қандай шығындарды оңтайландыруға болатынын одан әрі қараймыз. Қысқартуға өндірістік персоналдың ұмтыламыз. Бұл біздің басты міндетіміз – жұмыс орындарын сақтау.
Бірлескен күш-жігерімізбен барлық қиындықтарды еңсереміз деп сенемін", - деп атап өтті Алик Айдарбаев.
Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай нашарлай бастағаннан кейін компания дағдарыстық жағдайларды басқару бойынша команда жасақтап жағдайдың тұрақты мониторингі үшін жедел штаб құрды. Барлық кәсіпорындарда күшейтілген санитарлық режимге көшті, жекелеген қызметкерлер қашықтықтан жұмыс режимге ауыстырылды, вахта мерзімін ұзарту мен басқа да іс-шараларды қамтитын қатаң профилактикалық іс-шаралар жүзеге асырылды.
Сондай ақ, мұнай компания басшылары вахташылар бұрынғы 15/15 жұмыс кестесіне қайта оралғысы келетінін алға тартты. Өңір басшысы вахта кестесінің бұрыңғы қалпына келтіру ұсынысын қарастыратын айтты.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар