Сағынтаев: Алматыда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету кызметінің жұмысын күшейтеміз

/image/2020/07/06/crop-100_16_610x813_68830.jpg

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың денсаулық сақтау жүйесі жүктемесінің өсуіне орай алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметінің күшейтілетіні туралы айтты.

Қала басшысы Instagram-дағы өзінің парақшасында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралары және пандемия жағдайында қалалықтарға медициналық көмек көрсету туралы жазды.

«Бүгінде коронавирустың таралуына байланысты қалалық денсаулық сақтау жүйесінің барлық мүмкін ресурстары жұмылдырылды. Жұқпалы және провизорлық стационарлардан бөлек негізгі салмақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметіне жүктелді. Ең әуелі осы қызметке жүгінгендіктен, бұл – медициналық көмек көрсетудің негізі болып табылады», — деді Б. Сағынтаев.

Қала әкімінің мәліметі бойынша, бүгінгі қалыптасқан жағдайда «виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы» ашылды. Емханаларда COVID-19 диагнозы расталған және симптомдары бар пациенттерді мониторингілеу бойынша мобильді бригадалар құрылды.

Бұлардан өзге, Асфендияров медуниверситетімен бірлесіп, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-ның базасында пациенттерге мониторинг жүргізетін орталық ашылды.

«Оның міндеті – қауіп тобындағы пациенттерді тәулік бойы бақылау және емдеу. Бұл бізге амбулаторлық деңгейде, әсіресе қарттар арасындағы асқынуларды азайтуға мүмкіндік береді», — деп жазды Б. Сағынтаев.

Алматы әкімі қаланың денсаулық сақтау жүйесіне түсіп отырған жүктеменің артқаны туралы да хабарлады. Тек соңғы айда қалада ЖРВИ мен пневмония ауруларының саны 5 есе өсті, ал бұл індеттің көрінісі ретінде қарастырылуда.

Демек, жедел жәрдем қызметіне жүгінушілердің саны да күрт ұлғайған. Егер мамыр айында 2,5 мың қоңырау шалынса, маусым айында тәулігіне 4 мыңға дейін қоңырау түскен. Бір бригаданың орташа тәуліктік жүктемесі екі есеге өсіп, 19 шақырымды құрап отыр.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар