Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев президенттің тапсырмасы бойынша Алматының медицина қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыстады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
– Бұл — қызметіне адал ақ халатты абзал жандарға көрсетілген әділ құрмет пен алғыс. Сырқат жанның дертіне дауа, еміне шипа таба білген алтын қолды дәрігерлердің өлшеусіз еңбегінің маңызын жақсы білеміз. Бүгін аты аталған әрбір дәрігердің артында үлкен ұжымның қажырлы еңбегі тұр. Онсыз бұл қиындықты еңсеру мүмкін емес еді. Бұл жағдай еңбегі ерен дәрігерлердің отбасыларына да оңай соқпағаны анық. Сіздер, өз ісіне берілген білікті мамансыздар. Біз сіздерді қолдаймыз, біз сіздермен біргеміз. Барша алматылықтардың атынан сіздерге алғыс айтамын!, – деді шаһар басшысы.
Пікір қалдыру