Астана күнін мерекелеу қарсаңында Алматыда балаларға арналған музыкалық мектеп, мектептердің негізгі ғиматтарына жалғастырыла салынған қосымша құрылыстар және балабақшалар пайдалануға беріліп жатыр.
Білім беру нысандарының құрылысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы негізінде басталды.
Жалпы, елорда күніне орай Алматыда әлеуметтік маңызы бар білім беру инфрақұрылымының алты нысаны іске қосылды.
Бүгінгі таңда Бостандық ауданында орналасқан екі мектепке дейінгі мекеме, жеке меншік балабақша және №191 балабақша пайдалануға берілді, сәйкесінше 45 және 195 орынға шақталған. Ауданда 100 орынға есептелген №45 балалар музыка мектебінің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, Медеу ауданында да музыка мектебінің құрылысы аяқталды.
Алматыда қаланың барлық аудандарында оқушыларға арналған орындар санын көбейту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Осылайша, №61 мектепке жалғастырыла салынған 450 орынға арналған оқу корпусы мен №123 мектеп-гимназиясында оқу корпусын кеңейту бойынша құрылыс жұмыстары аяқталды. № 9 мектеп-интернатында сейсмикалық күшейту жұмыстары, қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, мегаполисте мемлекеттік және қалалық бағдарламалар аясында қосымша сегіз жаңа мектеп пен 13 қосымша құрылыстардың салынып жатқанын, бұл орын тапшылығын 80%-ға төмендетуге мүмкіндік беретіндігін атап өту керек. Осылайша, жаңа мектептер 18 мыңға жуық оқушы орнымен қамтамасыз етпек.
Пікір қалдыру