Белгілі дизайнер Берік Ысмайлов қайтыс болды

/image/2020/07/07/crop-5_1_437x776_photo_206870.png

Бүгін, 7 шілде күні белгілі киім дизайнері Берік Ысмайлов қайтыс болды. Бұл ақпаратты марқұмның өнердегі достары әлеуметтік желіде хабарлады.

"Коронавирус елімізге қауіп төндірген алғашқы күннен-ақ тегін маска тігіп, таратып, бүкіл шәкірттерін сол жұмысқа жұмылдырған патриот, тамаша дизайнер, елгезек жан Берік Исмаилов ағамызды да сұм ажал, беті жаман індет арамыздан алып кетті" деп жазды журналист Дана Нұржігіт.

Берік Ысмайылов 1962 жылы 15 наурызда Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Ол модельер-конструктор, халықаралық дизайнерлер қауымдастығының мүшесі, "Берік Ысмайылов" авторлық сән салонының директоры болды.

Індет тарала бастаған уақытта дизайнер шәкірттерімен бірге тегін маска тігіп таратқан болатын.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар