Қарағанды қаласында дәрілік препараттарды жоғары бағада заңсыз сатпақ болған тұрғын ұсталды. Бұл туралы қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитеті хабарлады.
"COVID-19 пандемиясымен күресте қаржы мониторингі комитеті ел аумағында дәрі-дәрмектерді жоғары бағада заңсыз сату фактілерін анықтап, оның алдын-алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осылайша комитет Қарағанды қаласында дәрілік заттарды заңсыз сатпақ болған тұрғынды анықтады.
1) 42 қорап «ЦЕФ-III», 1 данасы 1800 теңге;
2) 5 қорап «Зитмак-500», 1 қорабы 4 300 теңге;
3) 9 қорап «Лидокаин», 1 қорабы 1 000 теңге, делінген хабарламада.
Сонымен қатар, күдіктіден тағы 67 қорап «ЦЕФ-III» дәрілік заттарды сатпақ болғанын анықтады. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Пікір қалдыру