Шорнақ жанжалы. Өзге ауылдардан келген 80 жігіт ұсталған

/image/2020/07/24/crop-53_121_432x768_116241170_3964621003608554_5452007491869831557_n.jpg

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов облыстағы Шорнақ ауылындағы жанжалдан кейін өзге ауылдардан келген 80 адамның ұсталғанын хабарлады.

"Өткен түнде құқық қорғау органдары Шорнақ ауылына өзге ауылдар мен аймақтардан келген 80 жас жігітті ұстады. Олар әлеуметтік желі мен мессенджерлер арқылы тараған фейк шақыруға дүрлігіп кеткен. Біз Кентау әкімімен бірге түні бойы ауылды аралап шықтық. Тұрғындар түні тыныш өтті" делінген әкім орынбасарының facebook-тағы жазбасында.

Кеше, Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылында ауыл тұрғындарының арасында төбелес болғаны хабарланды. Әлеуметтік желі қолданушылары төбелестің ұлтаралық сипаты бар екенін, жанжал қазақ-өзбек арасында болғанын айтса, желгілікті полиция департаменті таратқан хабарламада "Шорнақ ауылында тұрмыстық жанжал болды" делінген.

Президент оқиғаға байланысты өткен жиында аймақтағы халықтың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктеріне назар аудару керек екенін айтып, жанжал қайталанады деуге негіз жоқ екенін мәлімдеді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар