Сағынтаев: Дәрі-дәрмектің тұрақты қорын жасауға 5 млрд теңге бөлінді

/image/2020/07/26/crop-149_68_545x726_093131265000.jpg

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін жұмыс кеңесі барысында фарминдустрия өкілдерімен мегаполиске дәрі-дәрмектерді жеткізу мәселесін талқылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Дәрілік препараттарға сұранысты қамтамасыз ету және жедел жағдай бойынша қажетті шараларды талқылау үшін фарминдустрия өкілдерімен кезекті кездесу өткіздім. Келіп түскен дәрі-дәрмектер дәріхана сөрелеріне бір тәуліктің ішінде жеткізіледі. Бүгін Ресейден препараттардың ірі партиясы келеді. Шамамен 55 тонна дәрілік заттар, соның ішінде COVID-19-ға қарсы – ыстықты түсіретін және антикоагулянттар бар. Шілде айының соңына дейін әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектердің 4,2 млн қаптамасы жеткізіледі деп күтілуде», – деді Б. Сағынтаев.

Қол қойылған меморандум аясында қаланың барлық аудандарындағы 105 дәріханаға өте қажет препараттардың 41 түрі тұрақты жеткізілуде. 1 шілдеден бастап дәріханалар әлеуметтік маңызы бар 581 мың дәрі-дәрмек қаптамасын алды.

Жалпы, бүгінгі күні 105 дәріхана мен жеткізушілердің қоймаларында 1,8 млн қаптамадағы қажетті дәрі-дәрмектер бар. Сонымен қатар, қала әкімі дәрілік препараттардың тұрақты қорын жасау жөніндегі жобаны жүзеге асыру туралы айтты.

«Келесі қадам – дәрілердің тұрақтандыру қорын құру. Дәрі-дәрмек жеткізушілерді 6-8 ай мерзімге пайызсыз несиелендіру үшін 5 млрд теңге бөлінді. Бұл – дәрі-дәрмектерді ағымдағы баға бойынша сатып алып, нарықтың құбылмалы жағдайына байланысты біртіндеп пайдалануға беру үшін жасалды», - деді қала әкімі.

Сондай-ақ, аталған 105 дәріханаға күн сайын мониторинг жүргізіледі.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар