Алматыда автобуста маска режимін бұзғандарға түсініктеме берілді

/image/2020/07/26/crop-16_165_726x968_111931049300.jpg

Алматыда автобуста маска режимін бұзу жағдайына байланысты түсініктеме берілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингті барасында Алматы қаласының Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы хабарлады.

Қала әкімшілігі тарапынан маска режимін сақтауды бақылауға ерекше назар аударылатынын, сонымен бірге, қоғамдық көліктердегі жағдайға көңіл бөлінетінін еске саламыз, себебі автобустардың жабық болуы есебінен тұрғындардың коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі де артады.

«Екі күн бұрын біз "Оңай" бақылаушыларының автобустан маскасыз жолаушыны түсіріп тастағанының куәгері болдық. Ауданда осы тұрғыда мониторингтік топтар аялдамалар мен қоғамдық көліктерде маска режимін сақтауды бақылау жұмыстары жүргізіледі», - деді Д.Қайратұлы, сонымен бірге, ол қала тұрғындарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды, себебі оған айналадағы адамдардың денсаулығы мен өмірі байланысты.

Эпидемиологтардың ақпаратына сәйкес, тұрғындары коронавирус инфекциясын үнемі өз беттерінше анықтай бере алмайды. Ауру белгілерінсіз жұқтырғандар олармен байланыс жасағандардың жұқтыруына себепкер болулары мүмкін.

Әуезов ауданында хабарлағандай, ағымдағы кезеңде аудандық Полиция басқармасының қызметкерлерімен маска режимін бұзғаны үшін 64 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды және хаттамалар толтырылды. Мониторингтік топтар атап көрсеткендей, адамдар көп жиналатын орындарда, мәселен СОСО аумағында, Сайран көлінің аумағында бұзушылықтар көп кездеседі.

Сонымен бірге, ауданда тұрғындар арасында карантин режимін сақтауды түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар