Алматыдағы әлеуметтік мекемелерде барлық эпидемиологиялық талаптар сақталған

/image/2020/07/26/crop-123_5_414x553_130125535100.jpg

Бүгін Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы және Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов, медициналық әлеуметтік мекемелердің (МӘМ) аумағында коронавирустық инфекциясының таралуын алдын алу үшін қабылданған шаралар туралы айтты.

Алматыда қаласының Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына ведомстволық бағынышты 9 медициналық-әлеуметтік мекеме бар, олар арнайы әлеуметтік қызмнт көрсетеді. Қызмет көрсетілетіндердің санаттарын ескере отырып, тәуекел тобына енетін топтарға (қарттар, көптеген патологиялары бар мүгедектер) инфекцияның таралуын болдырмау үшін мекемелерде қызметкерлер үшін арналған сүзгі ұйымдастырылған. Дене қызулары күн сайын таңертең өлшенеді және көтерілген жағдайда қызметкерлер тексеруге жіберіледі.

«Қызмет алушылар мен қызметкерлерге күнделікті бір реттік медициналық маскалар беріледі. Қолды антисептиктерді пайдаланып, гигиеналық тазалық шарасы жүргізіледі. Медициналық шаралар кезінде бір рет пайдаланылатын стерильді қолғаптар қолданылады», — деді Данияр Әлкебайұлы.

Сонымен қатар, барлық бөлмеге күніне аз дегенде 3 рет тазалық және дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, міндетті түрде тазалық шаралары жүргізіледі. Яғни, есік тұтқалары, үстелдер, орындықтар (креслолар), терезелер мен шамдар, есіктер, төсектер, тумбочкалар, розетка, лифт тағы басқа да жерлер міндетті түрде өңделеді.

Айдынжан Нарматовтың айтуынша, қызмет алушылардың коронавирустық инфекциясын жұқтыру қауіпін азайту үшін мекеме аумағында қызметкерлерден ауру белгілерін анықтау үшін тексеріс жүргізіледі.

Медициналық әлеуметтік мекеме қызметін алушылар мен қызметкерлеріне СЭС-ке берілген өтінімге сәйкес, айына 1 рет коронавирустық инфекцияға тұрақты түрде тестілеуден өткізіледі. Бүгінде әр медициналық әлеуметтік мекемеде 3 рет тестілеуден өткен.

Сонымен қатар, МӘМ-нің қызметін жақсарту және сапасын бақылау мақсатында қоғамдық кеңес құрылды.

«Қоғамдық кеңестің құрамына осы әлеуметтік мекемелерде тұратын қызметкерлердің туыстары кірді. Олар кез келген уақытта қызмет сапасын тексеріп, туындаған проблемаларды айтып отыру үшін қоғамдық кеңеске кіргізілді», — деп толықтырды Айдынжан Нарматов.

Бұл шаралар қызметтің ашық әрі адал жасалуына, қызметкерлердің тәртіпті сақтауына негізделген.

Алматы қаласында орналасқан медициналық және әлеуметтік мекеме қызметкерлері мен қабылдаушылары арасында бүгінге дейін коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандар тіркелген жоқ.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар