Құрбандыққа шалынған мал етін алу үшін мешітке келудің қажеті жоқ - имам

/image/2020/08/06/crop-766_357_825x1100_094331271800.jpeg

Алматыда Құрбан айт күндері құрбандыққа шалынған етті мұқтаж жандарға жеткізіп беру ұйымдастырылады. Бұл туралы Алматы қаласы Бостандық ауданы «Байкен» мешітінің Бас имамы Данияр Жұмабаев айтты.

Имамдар халықты жаппай мешітке бармауға шақырды.

«Биылғы жылы Құрбан айт дәстүрлі мерекесінің аясында карантиндік шектеу шараларына байланысты мешіттер жанында құрбандық шалынбайды және оның еті таратылмайды. Құрбандыққа шалынған етті алуға өтініш білдіргендерге мешітке келудің қажеті жоқ. Құрбандық еті арнайы құрылған штаб арқылы мұқтаж жандардың үйлеріне жеткізіледі», - деді Данияр Жұмабаев.

Имам карантин талаптарын сақтау үшін Алматы қаласының мешіттерінде мерекелік Айт намазы оқылмайтынын айтты.

Құрбандық шалуға өтініш беру және мұқтаж, аз қамтылған қала тұрғындарының ет алуға қалдырған өтініштерін алу Qurban2020.kz сайты арқылы 24 шілдеден 30 шілде аралығында жүргізіледі.

Осы уақытқа дейін 1305 адам ет алуға өтініш білдірген. 2 және 3 тамыз күндері құрбандыққа шалынған ет таратылады.

Қосымша ақпаратты 8(700)7197622, 8(727)3976390 байланыс телефондары арқылы білуге болады.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар