Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және тұрғындар қауіпсіздігін сақтау мақсатында, 31 шілде мен 2 тамыз аралығындағы Құрбай айт мейрамы кезіндегі құрбандық шалу рәсімі онлайн форматында өтетін болады. Құрбандық шалуға өтінішті Qurban2020.kz порталына кіру арқылы бере аласыздар. Сол жердегі қажетті жолақтарды толтырып, құрбандыққа шалатын малды тандап, ақшасын төлеу керек. Құрбандық шалынғандығы туралы есеп, тапсырып берушіге жіберілетін болады.
Сонымен қатар, сайт арқылы мұқтаж жандар етті алуға өтініш тастай алады. Сондай-ақ әкімдікте әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар тізімі бар. Оларға өтініш берген- бермегеніне қармастан ет берілетін болады.
Қиын жағдайда қалған адамдарға көмек беру мақсатында арнайы штаб құрылған болатын.
"Құрбандыққа шалынған еттер мұқтаж отбасыларға берілетін болады. Бұл үшін Алматыда арнайы штаб құрылды. Сондай- ақ еріктілер де бұл қайырымды іске жұмылдырылды",- деді мешіт имамы Әсет Аташов.
Алматы қаласы әкімдігі карантиннің алғашқы күнінен бастап ( 16 наурыз, 2020 жыл), Жастар лофт оталығының базасында шұғыл еріктілер штабын құрған болатын. Оның құрамына қала еріктілері мен медицина және қоғамдық мекемелер кірді. Штабтың негізгі жұмысы- мұқтаж жандарға көметкесу. Еріктілер қауіпсіздігі үшін жеке қорғанатын жағдай жасалды ( арнайы киімдер, маска, стерильді қолғап, бахила, антисептик). Сондай- ақ арнайы транспортпен және тамақпен қамтамасыз етілді.
Еріктілер күн сайын сағат 8.00 - 20.00-ге дейін демалыссыз жұмыс жасайды. Телефон 8(727)279-16-91
Пікір қалдыру