Алматыда коттеджді есірткі зертханасына айналдырғандар ұсталды

/image/2020/08/07/crop-3_3_600x1067_3.jpg

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті ел тарихындағы ірі есірткі зертханасының жойылғанын хабарлады.

Комитеттің хабарлауынша,  2020 жылы 27 шілдеде ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында зертхана жағдайында есірткі өндірісімен айналысқан екі қазақстандық азаматты ұстады.

Зертхана мен ұсталғандарды тінту кезінде құны 1,5 миллиардты құрайтын 55 килограмнан артық "мефедрон" есірткі заты, ірі сомадағы шетел валютасы мен атыс қаруы анықталған. Сондай-ақ есірткіні сапалы өндіретін зертхана жабдықтары мен 30 килограм есірткі жасауға жететін бір тоннаға жуық прекурсор мен химиялық реагенттер табылған.

"Ұсталған адамдар тергеу изоляторына қамалды. Есірткі жасау және өткізу фактісі бойынша мүлікті тәркілеумен 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін Қазақстан қылмыстық кодексінің 297-бабының ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды" делінген хабарламада.

Күдіктілер бастапқыда жасырын түрде есірткі сатумен ұйымдастырған. Кейіннен түскен ақшаға "Іле-Алатау ұлттық паркі" аумағында коттедж сатып алып, оны жасырын зертханаға айналдырған.

Олар саудасын "DarkNet" секілді құпия желі арқылы ірі есірткі дүкендеріне сату арқылы жасаған.   

Ұсталғандардың айтуы бойынша, өндірілген есірткі Қазақстанда тазалығы мен сапасы бойынша ұқсасы болмағандықтан, ірі қалалардың сатып алушылары арасында жоғары сұранысқа ие болған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар