Демократиялық елдердің миллиардерлерінде байлығының басым бөлігін қоғаммен бөлісу үрдісінің бір, екі ғасырдан артық тарихы бар. Тіпті Араб елдеріндегі кейбір супербайлары өз байлығынан он есе көп ақшаны қоғамға, халыққа басы бүтін берген. Кейбіреулер бұны өркениетті елдің бір белгісі ретінде қарастырады.
"Менің өмірімде байлығымның 99 пайызынан астамы қайырымдылыққа кетеді" деген Уоррен Баффет қазірге дейін өз байлығының 85 пайызын (45 миллиард долларды) қайырымдылыққа аударыпты.
Ал, Эндрю Карнеги АҚШ университеттеріне, медицина саласына және қайырымлық қорларына өзінің 90 пайыз байлығын арнаған. Ол шамамен 350 миллион долларды (2019 жылы есеп бойынша 600 миллиард доллармен тең) халқының өмірін жасқарту үшін басы бүтін берген.
Ал, Сауд Арабиялық миллиардер Шейх Сулайман бин Абдулазиз Аль Раджхи бүгінге дейін өз дәулетінен он есе көп байлықты қайырымдылыққа аударыпты. Бүгінде оның байлығы 590 миллион долларға бағаланғанымен, оның өз халқының білім беру, денсаулық сақтау сияқты салаларына аударған ақшасы 5.7 миллиард доллар. The Independent ақпараты оның халыққа өз байлығын арнау индексі 966 пайыз дейді.
Магнат Чак Фини сияқты кейбір адамдар өз байлығының 100%-дан астамын қоғамға берген.
Хантсман корпорациясының негізін қалаушы және атқарушы төрағасы Джон Хантсман да өз дәулетінен көп байлықты қайырымдылыққа арнаған. Байлығы 940 миллион доллар болатын ол денсаулық сақтауға 1,2 миллиард доллар берген.
Intel компаниясын құрған Гордон Мур 2006 жылы зейнетке шыққаннан кейін байлығының 80 пайызға жуығын ғылымға, денсаулық сақтауға арнаған. Ол 6.5 миллиард доллар байлығының 5 миллиард долларын қайырымдылыққа берген.
Дәулеті 2,1 миллиард доллар болатын Тед Тернер 57% байлығын, яғни 1,2 млрд долларды балалар денсаулығын сақтауға, әлемдік бейбітшілікке, демографиялық мәселелерді шешуге арнаған.
Байлығы 7.3 миллиард долларға бағаланатын супербай Эли Брод 3.3 миллиард долларды қоғамның игілігіне аударған. Оның да жомарттық индексі 50 пайызға жуық.
Джордж Кайзер, BOK Қаржы Корпорациясының төрағасы, қайырымдылыққа 3,3 миллиард доллар арнаған, өз байлығы 9,3 миллиард доллар. Қор қоршаған ортаны қорғауға, пациенттерге күтім жасауға, ғылымға арналған.
Миллиардерлерге ақшаларының басым бөлігін қоғамға арнауға шықырып, халықтың өмірін тіпті де жақсартуға көмектесу үшін 2010 жылы Билл және Мелинда Гейтс "The Giving Pledge (беру кепілі)" келісімін ойлап тапқан. "The Giving Pledge (беру кепілі) – миллиардерлерге өз байлықтарының жартысынан көп бөлігін қайырымдылыққа беруге шақыратын қозғалыс. Ол кедейлікті жою, білім беру, денсаулық сақтау, босқындарға көмек, апаттан құтылу, әйелдер мен қыздардың мүмкіндіктерін кеңейту, медициналық зерттеулер, өнер және мәдениет, қылмыстық сот төрелігі реформасы және экологиялық тұрақтылыққа жұмсалады. 2019 жылғы мамырдағы жағдай бойынша байлықтарының кем дегенде жартысын қайырымдылыққа беру туралы кепілге 204 миллиардер қол қойған.
Осындай өркениетті үрдіс жүздеген жылдардан бері Батыс елдерінде болып жатыр.
Ал посткеңестік елдердегі 1991 жылдан кейін түрлі жолдармен қалыптасқан милларидерлер байлығының жартысынан көп бөлігін халық үшін басы бүтін аударуға дайын ба? Бүгінгі күні, әсіресе, пандемия басталып, мемлекет те, халық та ауыр жағдайға түскенде, 1991 жылдан кейін зымыранның жылдамдығындай тездікпен қалыптасқан Қазақстанның миллиардерлері байлығының басым бөлігінмен елге көмек бере ала ма? "The Giving Pledge" сияқты қазақстандық миллиардерлер клубын жасақтай ала ма?
Пікір қалдыру