Қазақстан президентінің жарлығымен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров парламент сенатының депутаты болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда ресми сайты.
Бұған дейін Бектас Әбдіханұлы Бекназаровтың парламент сенат депутаты өкілеттігі тоқтатылған еді.
Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы 1961 жылы 12 қаңтарда Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында туған. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Заң ғылымдарының докторы, профессор.
2016 жылғы 25 наурыздан бастап - алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты, заңнама жөне сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы қызметін атқарған.
Пікір қалдыру