"Vanity Fair" басылымының арнайы тілшісі Габриэль Шерманның айтуынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Вальтер Рид медициналық орталығына жеткізілерде, өзінің өлетін, не өлмейтінін сұраған.
– Соңғы 12 сағат ішінде Ақ үйге жақын республикашылармен болған консервация Ақ үйдің айтқанынан әлдеқайда ауыр болғанын көрсетеді. Уолтер Рид ауруханасына апарар алдында Трамп көмекшілерінен "Мен Стэн Чераға ұқсап кетіп бара жатырмын ба? Солай ма?" деп сұраған, – деп жариялаған Габриэль Шерман өзінің твиттерінде
Стэнли Чера – Нью-Йорктегі мүлік салушы және Трамптың досы. Ол 11 сәуірде коронавирустың асқынуынан қайтыс болған.
Бұған дейін АҚШ президенті мен бірінші ханымның коронавирус тапсырған тесті оң нәтиже бергені расталған және олар Вальтер Рид медициналық орталығына жеткізілген.
Пікір қалдыру