Қазақстан билігі Қырғызстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

/image/2020/10/06/crop-111_17_493x657_2020-10-06_12-26-47.png

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында  Қырғызстандағы қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасады.

– Қырғызстанда болып жатқан оқиғалар – сол елдің ішкі мәселесі. Қазақстанда бауырлас Қырғызстанмен өзара дәстүрлі достық қатынастарды және стратегиялық серіктестікті нығайту аса маңызды деп санайды.

Сонымен қатар көршілес елдегі ахуалды тұрақтандыру ісі Қырғызстанның Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырылады деп үміттенеді. Қырғыз халқы өз мемлекетінің ұзақ мерзімді мүддесі үшін күрделі жағдайдан шығудың тиімді жолын табады деп пайымдайды, – деп жазды Берік Уәли.

Еске сала кетейік, Қырғызстанда 4 қазанда өткен парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген азаматтар Бішкекте наразылық акциясына шыққан. Акция соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласып, наразы топ Ақ үйді басып алған. Олар сайлау қорытындысының күшін жойып, жаңа сайлау өткізуді талап етуде.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар