Коронавирустан жыл соңына дейін 2 млн адам қайтыс болуы мүмкін

/image/2020/10/06/crop-18_1_353x628_9b27c077b3c44a53d328ab6fc76e0.jpg
Вашингтон университеті көрсеткіштер мен денсаулықты бағалау институтының ғалымдары алдағы үш айда коронавирус құрбандары еселеп көбеюі мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады scmp.com.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әріптестік орталығының содиректоры Джанет Робертс коронавирус эпидемиясының өршіп бара жатқанын айтып, жыл соңына дейін аурудан қайтыс болғандар саны 2,3 миллионға жуықтауы ықтимал деген болжам жасады.

Ол эпидемияның таралуы мен вирустың жұқпалы екенін ескеріп, "мұндай қауіпке (өлгендер санының артуы) негіз бар екенін жеткізді.

– Біз қорғану шараларын жүйелі түрде ұстай бермейміз. Бұл эпидемияға қарсы күресте қиындық тудырады. Пандемиядан шаршағандар мен денсаулықты қорғау кеңестеріне құлақ аспайтындар және аурудың барына сенбейтіндер жағдайды қиындата береді, – деді ол.

Жаңа Зелендиядағы Қоғамдық денсаулық университетінің профессоры Майкл Баркер пандемияның өршіп бара жатқанымен келісетінін айтты.

Бүгінде әлемде Ковид-19 вирусын жұқтырғандар 35 миллион адамнан асты. Оның ішінде 1 миллион адам қайтыс болды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар