Қырғызстанда оппозиционер премьер-министр болып тағайындалды

/image/2020/10/07/crop-6_75_726x1290_1491121987_sad.jpg

Қырғызстанда парламенттің шұғыл отырысында оппозиция жетекшісі Садыр Жапаровты премьер-министрдің міндетін атқарушы етіп тағайындау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы vesti.ru хабарлады.

Енді Садыр Жапаров парламентке өзінің бағдарламасы мен министрлер кабинетінің құрамын ұсынған соң ғана оны премьер-министр етіп бекітеді.

Жаңадан сайланған премьер-министр 2013 жылғы тәртіпсіздік кезінде адамдарды кепілге алғаны үшін жазасын өтеп жатқан болатын. Бүлікшіл топ 6 қазанға қараған түні оны түрмеден босатып алған. 

Бұған дейін Қырғызстанның премьер-министрі Кубатбек Боронов өз еркімен отставкаға кеткен болатын.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар