Қырғызстанның президенті Сооронбай Жээнбеков байланысқа шықты

/image/2020/10/08/crop-20_10_506x900_47_main.jpg

Қырғызстанның заңды президенті Сооронбай Жээнбеков жаңадан сайланған парламент спикері  Мыктыбек Абдылдаевпен телефон арқылы сөйлесті. Ақпаратты президенттің баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева растады, деп хабарлады 24.kg сайты.

– Сооронбай Жээнбеков, мен бұрын айтқанымдай, түрлі саяси күштердің өкілдерімен келіссөздер жүргізуде. Бүгін Жогорку Кенештің төрағасы Мыктыбек Юсуповичпен телефон арқылы сөйлесті, – деді президенттің баспасөз хатшысы.

Толгонай Стамалиеваның айтуынша, Сооронбай Жээнбеков Жогорку Кенеш спикерін кездесуге шақырған.

– Сооронбай Жээнбеков заңды президент ретінде – Жогорку Кенеш – заңды орган ретінде құқықтық алаңға оралу процесін жеделдетеді деген үміт артады, – деп атап өтті ол.

Баспасөз хатшы мәліметінше, президент қазіргі басты міндет – жағдайды құқықтық арнаға қайтару екенін атап өткен.

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар