Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың жақтаушысы аштық жариялады. Бұл туралы 24.kg сайты хабарлады.
Экс-президент жақтаушысы Темирлан Султанбековтың бұл әрекетін агенттікке адвокат Чынара Джакупбекова мәлімдеген. Оның айтуынша, Темирлан қазір Бішкектегі ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторында.
– Менің қорғаушымның айтуынша, олар оны азаптаймыз деп қорқытқан. Тергеушілер оның нақты не үшін ұсталғанын түсіндіре алмады, – деді Ч.Джакупбекова.
Еске салайық, Бішкекте парламенттік сайлауының нәтижесіне келіспегендердің митингі тәртіпсіздікке ұласқан. 5-6 қазанға қараған түні наразы тор "Ақ үйді" басып алып, өртеп жіберді. Сол түні экс-президент Алмазбек Атамбаев, Қой-Таш ауылындағы оқиғалар бойынша тергеуге алынғандар, бұрынғы премьер-министр Сапар Исаков және парламенттің экс-депутаты Равшан Джээнбеков түрмеден босатылды.
Кеше Атамбаев ұсталып, камераға қамалды. Оған тәртіпсіздік ұйымдастырды деген айып тағылып отыр. Фарид Ниязов пен Темірлан Сұлтанбеков уақытша тергеу изоляторына орналастырылды. Бұрынғы президенттің ұлдары да тергеуге алынып, үй қамаққа жабылды.
Пікір қалдыру