Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 120 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 2 964 адам ем қабылдап жатыр. Олардың арасында 245 бала бар. Стационарларда 2 222 науқас жатыр. 742 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр.
Жалпы науқастардың арасында 120 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 14 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Пікір қалдыру