Алматыда мониторингтік топтар жұмысының және карантин тәртібін бұзушыларға қолданылатын санкциялар нәтижесі қаралды

/image/2020/10/28/crop-163_26_1304x1738_6f6ef6b3-640d-4da7-b358-671e87095bba.jpeg

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмаларын орындау аясында оның орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполис аумағында шектеу шараларының сақталуын бақылау бойынша мониторингтік топтардың жұмысын одан ары күшейту жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді.

Ағымдағы жұмыс қорытындысы қорытындысы жасалып, мобильді мониторингтік топтардың жұмысының жаңа алгоритмі қаралды.

Басты мақсаты – коронавирус инфекциясының одан ары таралуын болдырмау үшін санитарлық-эпидемиялық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету. Осыған байланысты 26 мобильді мониторингтік топ санитарлық-эпидемиялық шектеу талаптарының бұзылу фактілерін анықтау бойынша сәйкес материалдарды (фото, видеотіркеу, рапорт және басқаларын) аумақтық денсаулық сақтау нысандарына жедел береді.

Санитарлық ережелерді және шектеу шараларын жүйелі түрде (2-3 рет) және қасақана бұзу фактілері анықталған жағдайда материалдар құқықбұзушыларды ӘҚБтӘК 462-бабының 3-бөлімі бойынша кейіннен жауапқа тарту үшін және сотқа беріп, іс қозғау үшін аумақтық прокурорларға беріледі. Заңнамаға сәйкес, бұзушыларға ұйымның қызметін тоқтата тұруға дейін жауапкершілік қарастырылған.

Атап өтетін жайт, өндірістің барлық сатыларында іс бойынша азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтарын (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 744, 746 және 747 баптары) қатаң сақтау қамтамасыз етілетін болады. Сонымен бірге, лауазымды тұлғалардың қағаз түрінде немесе электронды форматта (планшетте) оның тарапынан жасалған құқықбұзушылығын келесі тұлғаға түсіндіру мүмкіндігі үшін өздерімен бірге нормативті құқықтық акт болуы керек.
******
Алматыда оқиға орнында эпидемияға қарсы шаралардың орындалуы бойынша ұйымдар мен нысандарға тексеру күнделікті жүргізіледі. Осы мақсатта аудандық әкімдіктер жанында 26 мониторингтік топ бар. Қызметіне уақытша тыйым салынған нысандар (түнгі клубтар, караоке және басқалары), сонымен бірге адамдардың жаппай жиналуымен салтанатты, отбасылық шаралардың өткізілуі (үйлену тойлары, мерейтойлар, банкеттер) анықталды. Осы жылдың 8 қазанынан бергі кезеңде мониторингтік топтар 1972 нысанды қамтыды, олардың ішінде 493 объектіде карантиндік, соның ішінде маска режиімінің бұзылуы анықталды. Жеке тұлғаларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы 128 хаттама толтырылды.

Алгоритмге сәйкес, бүгінгі таңда Алматы қаласының Полиция департаметінің аудандық басқармалары Алматы қаласы бойынша шектеу шараларының бұзылуын анықтау бойынша мобильді топтардың 140 материалын аумақтық денсаулық сақтау нысандарына жолдады. Медициналық ұйымдардан санитарлық-эпидемиялық қызметке 57 жедел хабарландыру түскен. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

******
Алматы әкімдігі кәсіпкерлік субъектілерінен меншік формасына қарамастан, сонымен қатар, мегаполистің тұрғындары мен қонақтарынан санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік шараларын бұзбауды өтініп сұрайды. Жекелей алғанда, маска режимін, 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтап, COVID-19-ды жұқтырудың жоғары қаупіне байланысты қызметіне тыйым салынған, адамдар көп жиналатын орындар мен мекемелерге барудан аулақ болуды сұрайды.

Тәуекел тобындағы топ - 65 жастан асқан қарттар, кез келген жастағы ауыр созылмалы аурулары бар адамдар, тыныс алу жолдары ауруларымен, аутоиммундық, жүрек – қан тамырлары және онкологиялық аурулармен, қант диабетімен ауыратын адамдар үйде қалғандары жөн. Адамдар көп жиналатын орындарға, оның ішінде үйлену шараларына, жерлеуге, еске алуға, митингтерге және т. б. бару өте қауіпті.

Барлық қала тұрғындары жеке гигиена ережелерін сақтауы керек:
- құшақтау мен қол алысуды қоса алғанда, физикалық байланыстарды болдырмау; қолды сабынмен жиі жуу; үйден тыс жерде қолдың беткі қабаттармен жанасуы кезінде қорғаныш үшін бір рет қолданылатын майлықтарды қолдану; үй-жайларды желдету; әрдайым шынтаққа жөтелу және түшкіру; мұрын мен ауызды бір рет қолданылатын майлықпен жабу;

- үйден шығар алдында медициналық маска, сондай-ақ жеңі ұзын сыртқы киім кию керек;

- үйге қайтқанда маска мен қолғапты мұқият шешіп, герметикалық түрде пакетке орап, оларды тастау керек. Дереу қолыңызды жуыңыз немесе зарарсыздандырыңыз. Сөмкені, кілттерді, әмиянды, телефонды, аяқ киімнің табанын және т.б. дезинфекциялық ерітіндіге малынған шүберекпен сүртіңіз. Сондай-ақ, сыртқа шығарған үй жануарларының табандарын жуу керек.

Азық-түліктік және азық-түліктік емес дүкендерге, дәріханаларға бару кезінде маңызды:

- дүкенде немесе дәріханада адамдардың аз екендігіне көз жеткізіңіз. Адамдар көп жиналған жағдайда-көшеде қалып, кейбір сатып алушылар көшеге шыққанша күту керек.

-әлеуметтік қашықтық үшін арнайы белгіні сақтау, адамдардан 1,5-2 метр қашықтық сақтау, әсіресе ұшырасқан адамдарда жөтел, мұрынның бітелуі және түрі ауырып тұрғандай көрінсе;

- қажет болмаса, тауарға қол тигізбеуге тырысу, тек сатып алу үшін таңдаған затқа қол тигізіңіз;

- герметикалық орамалардағы өнімдерді сатып алу;

- мүмкіндігінше төлем карталарымен есептесу. Ақшаға немесе басқа заттарға қол тисе, оны құрамында спирті антисептикпен өңдеңіз.

Сондай – ақ, тұрғындарға мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдаланбау, болмаса қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес беріледі:

- қоғамдық көлікпен жолға шыққанда, қолды дезинфекциялық құралмен өңдеу;

- сапардың соңғы нүктесіне жеткеннен кейін қолды дереу сабынмен жуу;

- егер біреу жөтеле немесе түшкіре бастаса, ауыз бен мұрынды таза орамалмен немесе майлықпен жабу керек. Мұндай заттар болмаған жағдайда бетті алақанмен емес, шынтақтың ішкі жағымен қорғау;

- жөтелетін немесе түшкіретін адаммен тығыз байланыстан аулақ болу. Көлікте халық көп болған жағдайда келесісін күткен дұрыс;

- қоғамдық көлікте жолаушылармен сөйлеспеу. Олардан мүмкіндігінше алыс болуға тырысу;

- мүмкіндік болса көліктегі терезені ашу;

- сапар кезінде қолмен бетті ұстамау (ауыз, мұрын, көз).

Ата-аналарға балалардың барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды, әсіресе балалар алаңдарында сақтауына бақылауды күшейтуі қажет. Балаға қазіргі жағдайды түсіндіріп, оған түсінікті тілде өзін инфекциядан қалай қорғауға болатындығын айту ұсынылады: қол гигиенасын сақтау, қоғамдық орындарда, көшеде қауіпсіз қашықтықта болу, маска кию, қолды бетке тигізбеу.

Коронавирус инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша 1406 немесе 8 (727) 3000 505 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Анықтама үшін:

Бизнес субъектілері, әсіресе сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, азық-түліктік емес дүкендер қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен белгіленген барлық талаптардың толық орындалуын қамтамасыз етуі қажет:

- жауапты тұлғаға жұмыс (ауысым) басталар алдында байланыссыз (контактісіз) термометрлерді (тепловизорларды) пайдалана отырып, қағаз немесе электрондық үлгіде тіркей отырып, персоналдың күн сайынғы термометриясын жүргізу;

- респираторлық инфекцияның кез келген белгілері (дене қызуының көтерілуі, жөтел, тамақтың ауыруы, тыныс алудың қиындауы) бар қызметкерлердің жұмысқа жіберілуін болдырмау, ауру белгілері анықталған немесе пайда болған жағдайда медициналық жедел жәрдем бригадасын шақыру қажет;

- персоналды бір реттік медициналық маскалармен (жұмыс ауысымының және бетперделерді ауыстырудың ұзақтығына қарай 3 сағатта кемінде 1 рет), сондай-ақ бір рет қолданылатын қолғаптармен (ауысымына кемінде 2 рет ауыстыруға жататын және бүтіндігі бұзылған жағдайда), қолды өңдеуге арналған тері антисептиктерімен қамтамасыз ету.

- сауда залдарындағы көрінетін және қолжетімді орындарда, кассалық аймақта нысанға кіре берісте қолды дезинфекциялауға арналған санитайзерлер орнатуды қарастыру, коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша жадынамалар орналастыру;

- аумағы 20 000 шаршы метрден астам сауда нысанына келушілерге термометрия жүргізу үшін басты кіреберісте стационарлық тепловизор орнату, аумағы 20 000 шаршы метрден кем болмайтын сауда нысандарында байланыссыз термометрлер (тепловизирлер) пайдалану;

- сауда объектілерінің бутиктерінде 4 шаршы метр жерге 1 адамнан келетіндей келушілер санын шектеуді қамтамасыз ету;

- сауда залдарына кіру рұқсаты әлеуметтік белгілер болған жағдайда жүзеге асырылсын. Келушілерден маскалардың болуын талап ету, қызметкерлердің келушілермен байланысын барынша азайту. Кассалық аймақта келушілердің топталуын болдырмау және кемінде 2 метр болатын әлеуметтік белгі салу арқылы әлеуметтік алшақтықтың сақталуын қамтамасыз ету;

- ауа температурасы мен ылғалдылығының оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін ауаның желдетілуіне және ауа баптау жүйелеріне тексеру (тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және т.б.) жүргізу. Сору-сыртқа тарату желдеткіш жүйесімен жабдықталмаған үй-жайларды күніне кемінде 2-3 рет 15 минуттан желдетуді қамтамасыз ету;

- үй-жайларға дезинфекция жүргізу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда вирустық инфекциялар кезінде объектілерді зарарсыздандыру режимдері көрсетілге, қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын пайдалану,

- үй-жайларға күн сайын ылғалды тазалық жүргізу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, келесідей ретпен тазалық жүргізу қажет: - сауда залдарының едендері, сауда сөрелері – күніне 3 рет; -эскалаторлардың қозғалмалы таяныштары, есік тұтқалары, кассалық аппараттар, банк терминалы – әр сағат сайын; - қоғамдық санитарлық тораптар (еден, санитарлық-техникалық жабдық, оның ішінде кран вентильдері, унитаз бөшкелері), эскалаторлардың қозғалмалы таяныштары, лифт түймелері – әрбір 3 сағат сайын;

- жұмыс ауысымы аяқталғаннан кейін (немесе кемінде 6 сағаттан кейін) есік тұтқаларын, эскалаторлардың қозғалмалы таяныштарын, тұтқаларды, үстелдерді, орындықтардың арқаларын (креслолардың шынтақ тіректерін), санитарлық-техникалық жабдықты дезинфекциялық салфеткалармен (немесе дезинфекциялау құралдарының ерітінділерімен) сүрту арқылы дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларға ылғалды тазалық жүргізу қажет. Жинау аспаптарын (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланғаннан кейін жақсылап жуу және арнайы бөлінген орындарда сақтау;

- әрбір нысанда тұтыну қажеттілігіне қарай, тазалық жүргізетін құралдардың, дезинфекциялау құралдарының азаймайтын қорын қамтамасыз ету;

- дезинфекциялау құралдарын өндірушінің орамасында, арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғы, балалардың қолы жетпейтін жерде тығыз жабылған күйінде сақтау керек. Дезинфекциялау шараларын жүргізу кезіндегі сақтық шаралары және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмек әрбір нақты дезинфекциялау құралының қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған;

- техникалық персонал (тазалаушылар) дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып және жеке қорғаныш құралдары: халат, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып, ылғалды тазалық жүргізуі қажет. Дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі;

- іргелес аумақты дезинфекциялауды тәулігіне кемінде 1 рет жүргізу;

- COVID-19 коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырып, жүзеге асыруға сауда нысанының әкімшілігі жауапты болады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар