Америкалық ғарыш агенттігіне тиесілі Hubble телескопы ғарыштың тағы бір әдемі суретін түсірді.
Бұл жолы ол түсі мен пішіні көбелекке ұқсас М2-9 атты қос қабатты тұманды суретті бейнелеген. Бұл туралы "Қамшы" порталы epochtimes.ru- ге сілтеме жасай отырып хабарлайды.
ASA агенттігінің хабарлауынша, М2-9 тұмандығында мөлшері жағынан Күнмен бірдей екі жұлдыз бар екен. Қанат тәрізді пішін осы екі аспан денесінің бір-бірін айналуынан туындаған. Олар «көбелектің» орта белінде жанып тұрған шар сияқты болып көрінеді.
Пікір қалдыру