Астаналық жезөкшелер үкіметке өтініш жасады. Олар шенеуніктерден кәсіптерін заңдастырып беруді талап етуде. Бұл туралы "Қамшы" порталы КТК арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Түнгі көбелектер де мемлекетке салық төлеп, қартайғанда жұрт қатарлы зейнетақы алғысы келеді екен. «Қызметімізден қазынаға табыс түсіріп тұрса, жүзіміз жарқын және еуропадағыдай еркін еңбек етер едік»,- дейді түнгі көбелектер.
Жын ойнақтың ордасына айналған Астана вокзалы маңынан бір түнде жүзге жуық жезөкше ұсталғаны туралы бұған дейін де "Қамшы" порталы жаңалықтарында жазған болатын.
Жезөкшелікті өзіне кәсіп қылып, нәпақасын арам олжадан тауып жүрген түнгі көбелектер түн түндігін түре қалса Астана вокзалы маңы тұрғындарының мазасын алған сыңайлы.Олар өзінің өрескел ісіне өкініш артып, түзелудің орнына үкіметке жезөкшелікті заңдастыру туралы өтініштерін жеткізді. Бұған дейін де, біздің елде жезөкшелікті заңдастыру мәселесі оқтын-оқтын көтеріліп тұрған. Оны демографтар талай мінберден айтты. Бірақ, бұл мәселе үкімет деңгейінде ешқашан қарастырылмаған.
Дегенмен де, кеше вице пемьердің мінберден сөйлеген мәліметіне сүйенсек, қазіргі диплом алған жастардың 37% екі қолға бір күрек таппай жүр. Теңгесі «деңгелек» айналған алмағайып заманда жастардың көп бөлігінің жұмыссыз екенін ескерсек, тиынды арға алмастырып, жеңіл жолмен табыс көздемесіне кім кепілдік ете алады?!
Ежелден ырым мен тыйымды місе тұтып, намыс пен ұятты жүрегіне ақ қып байлаған ұлтымыздың ұлағатын ұмытып, қанымызға да арымызға да жат жезөкшелікті желеу ету- оларға үкімет тарапынан растау ұят, ата дініміз үшін күнә. Еуропадан үлгі аларымз да көп, оларға қадар жанарымыз да шоқ болып тұр. Кәрі құрлық экономика жағынан болсын, мәдениет жағынан болсын ат басы алда екеніне айтар дау жоқ, бірақ керегін алып, "болмасын" тастау керек.
Гүлден ӘБДІБАҚЫТ
"Қамшы" сілтейді
Пікір қалдыру