Мианма Рохинджа мұсылмандарын дауыс беру құқығынан айырды

/image/2020/11/10/crop-344_49_439x586__97664338_p05f4fwz.jpg

Мианмадағы президенттік сайлауда Аун Сан Су жеңеді деп күтілуде. Оның мыңдаған  жақтасы қолына ту ұстап Аун Сан Су-дің штаб-пәтерінің жанында жиналды. 2011 жылы өткен президенттік сайлауда Аун Сан Су жеңген болатын. Нобель сыйлығының иегері Аун Сан Су танымалдылығына қарамастан 2017 жылы Рохинджа мұсылмандарына қатысты шудан кейін әлем алдындағы беделі түскен.  

Бақылаушылар сайлаудың әділ өтіп жатқанына күмәнданады. Себебі Рохинджа мұсылмандары дауыс беру құқығынан айырылған.

Коронавирусқа байланысты егде жастағыларға өткен аптада арнайы дауыс беру уақыты белгіленген. Оппозициялық партия өкілдері пандемияға байланысты президенттік сайлауды кейінгі шегеруді талап етіп отыр. Алайда Аун Сан Су пезиденттік сайлау коронавирустан да маңызды екенін айтады.

Рохинджа мұсылмандары неліктен дауыс бере алмайды?

Дауыс беру Мианма уақыты бойынша сағат 06.00-де басталып, 00.00-де жабылды. Алайда, адамдар әлі де дауыс беру үшін ұзын кезекте тұр. Мианма халқының аз ғана бөлігін құрайтын Рохинджа мұсылмандарының құжаттары 2015 жылы күшін жойған. Мианма армиясының қудалауынан кейін  740 000 Рохинджа мұсылманы көрші елдерге қашуға мәжбүр болған. Майлайзия билігі коронавирус пандемиясына байланысты Рохинджа босқындарын қабылдаудан бас тартты.

Қыркүйекте БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі тергеушісі мұсылман азаматтарды дауыс беру құқығынан айырғаннан кейін Мианмадағы президент сайлауының әділетті өтуі мүмкін емес екенін айтады. Рохинджа мұсылмандары әлемдегі қудалауға ең көп ұшыраған халық деп танылды.

Мианма билігі Рохинджа мұсылмандарын Бангладештен келген босқын деп танып оларға азаматтық беруден бас тартты.

БҰҰ-ы соты биыл қаңтарда рохинджалықтарды геноцидтен қорғау туралы үкім шығарды. Аун Сан Су оны геноцид деп танудан бас тартты.   

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар